Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Орал қаласы, М.Есламғалиұлы,24
+7 (747) 516 99 04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ЖШС “Амир 07” “Аманат” жеке балабақшасы
Атауы Жүктеу
1 2023-2024 о.ж ҰІӘ кестесі
2 2024-2025 о.ж ҰІӘ кестесі
3 2025-2026 о.ж ҰІӘ кестесі

«Сегіз аяқ» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы 
«Аманат» жеке балабақшасында «Сегіз аяқ» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-әрекетке ересек ортаңғы топтың тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-әрекеттің мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және табиғаттағы тіршілік иелері туралы түсініктерін кеңейту болды.
Іс-әрекет барысында балалар сегіз аяқтың бейнесін жасап, оның ерекшеліктерімен танысты. Балалар өз жұмыстарын ұқыпты орындап, шығармашылық белсенділік танытты.
Қорытындысында балалардың қол икемділігі дамып, танымдық қызығушылықтары артты


«Адасқан сандар» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
 «Аманат» жеке балабақшасының «Жалын» ересек тобында «Адасқан сандар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру, сандарды ретімен орналастыру дағдыларын жетілдіру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Іс-әрекет барысында балалар адасқан сандарды тауып, оларды дұрыс ретімен орналастыру тапсырмаларын орындады.
Нәтижесінде тәрбиеленушілердің сандық ұғымдары бекіп, зейіні мен ойлау қабілеті дамыды.


«Ақ аю» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
күні «Аманат» жеке балабақшасының ересек,орта тобында «Ақ аю» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балаларға жабайы жануарлар туралы түсінік беру, олардың тіршілік ету ортасымен таныстыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-әрекет барысында балалар ақ аю туралы мәліметтер алып, оның сыртқы келбеті мен тіршілік ерекшеліктерін сипаттады.
Қорытындысында балалардың қоршаған орта туралы білімдері кеңейіп, сөздік қоры толықты


«Дұрыс бастыру» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
 «Аманат» жеке балабақшасының ересек орта тобында «Дұрыс бастыру» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балаларды қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыруға үйрету, ұқыптылық пен эстетикалық талғамдарын қалыптастыру болды.
Іс-әрекет барысында балалар түрлі пішіндерді қағазға бастырып, олардан композициялар құрастырды.
Нәтижесінде тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттері мен ұсақ моторикасы дамыды.


«Әдемі үйшік» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
 «Аманат» жеке балабақшасының ересек,орта тобында «Әдемі үйшік» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балалардың құрастыру дағдыларын жетілдіру, қиялын дамыту және шығармашылыққа баулу болды.
Іс-әрекет барысында балалар әртүрлі материалдарды пайдаланып, өздерінің әдемі үйшіктерін құрастырды.
Қорытындысында балалардың кеңістікті бағдарлау және шығармашылық ойлау қабілеттері дамыды.


«Көңілді эстафета» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
 «Аманат» жеке балабақшасының ересек орта тобында «Көңілді эстафета» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балалардың дене белсенділігін арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, өздерінің ептіліктерін көрсетті.
Қорытындысында балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі артып, салауатты өмір салтына қызығушылықтары қалыптасты.


«Қызықты пингвин» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет туралы ақпарат
«Аманат» жеке балабақшасының ересек,орта тобында «Қызықты пингвин» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-әрекеттің мақсаты балаларды пингвиннің тіршілігімен таныстыру, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-әрекет барысында балалар пингвин туралы қызықты мәліметтермен танысып, оның бейнесін жасап, тапсырмалар орындады.
Нәтижесінде тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығы артып, қоршаған орта туралы білімдері толықты.